{metadescription}
Қазақстан мен Ресей әуе қатынасын 21 қыркүйектен бастап қалпына келтіреді

Қазақстан мен Ресей әуе қатынасын 21 қыркүйектен бастап қалпына келтіреді

Қазақстан мен Ресейдің уәкілетті құрылымдарының шешіміне сәйкес, 2020 жылғы 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері қайта ашылады.

Ресей 21 қыркүйектен бастап Қазақстанмен, Қырғызстанмен және Беларусьпен әуе қатынасын қалпына келтіреді. Рейстер екі жақты негізде Нұр-Сұлтанға, Бішкекке және Минскіге аптасына бір рет орындалады. Мұндай шешім жаңа коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі жедел штабтың отырысында қабылданды, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің сайты.

Рейстер мен билеттерді сату әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылады, деп толықтырды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Бас санитар дәрігердің шешіміне сәйкес 16 қыркүйектен бастап Ресейден Қазақстанға келетіндер үшін жаңа ереже күшіне енді.

Қазақстанға ұшып келетін жолаушылар дене қызуын өлшетіп, анкета толтырып қана қоймай, ұшып шыққанға дейін бес күннен аз уақыт ішінде алынған COVID-19 індетіне қарсы ПТР тестен өткендігі туралы анықтама беруі керек.

Мұндай анықтама болмаған жағдайда, ПТР зерттеу жүргізіледі:

  • шетелдік азаматтар үшін – орналасқан жері бойынша;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – тұрғылықты жері бойынша ұшып келген күнінен бастап 48 сағат ішінде.

Әйтпесе жолаушылар 14 күндік үй карантиніне жіберіледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.