Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Ресей ғылым академиясы, Сеченов университеті клиникалық иммунология және аллергология кафедрасының меңгерушісі Александр Караулов коронавирусқа қарсы вакцинаны кімдерге салуға болмайтынын айтты.
12:29 21.09.2020
"Вакцинация кезінде бірінші иммунитет тапшылығына шалдыққан шағын топтар шектеуге ұшырауы мүмкін. Бірақ аутоиммунды, ревматологиялық, тіпті онкологиялық аурулар екпеге қарсы көрсетілім бола алмайды", - деді ол.
Караулов ұртты қазірден бастап тұмауға қарсы егілуге шақырды.
"Себебі, 4 аптадан кейін COVID-19 вирусына қарсы вакцина алуға болады. Біздің вакцина ("Спутник V" - ескерту) 21 күн айырмашылығы бар екі инъекцияны қамтып отыр. Сондай-ақ, пневмококкқа қарсы вакцина да бар. Егер осы қауіп тобындағы адам болса, оны бүгіннен бастап егуге болады", - дейді маман.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!