{metadescription}
Мемлекеттік академиялық филармонияның бұрынғы басшысына қатысты іс сотқа түсті

Мемлекеттік академиялық филармонияның бұрынғы басшысына қатысты іс сотқа түсті

Оған қоластындағы қызметкерлерімен бірге 1,8 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айып тағылды.

Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік академиялық филармонияның бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс сотқа түсті. Бұл туралы қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов мәлім етті. 

"Астаналық сотта мемлекеттік академиялық филармонияның, бұрынғы Конгресс-холлдың экс-директоры Әбдірахмановқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Тергеу материалдарына сәйкес, ол қоластындағы қызметкерлерден қылмыстық топ жасақтаған. Олар 1,8 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдік бар", - деді Элиманов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Ал "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-сында құқықтық қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бейсенбин тергеуге алынды.

"Бұдан бөлек, оның орынбасары Дәуленбаева және Лисовой деген азаматқа қатысты тергеу шаралары басталды. Олар жалған келісімшарттарды рәсімдеу арқылы 450 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін айыпталып отыр", - деп атап көрсетті Элиманов.   

Айта кетейік, бүгінгі брифингте комитет басшылығы бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ісі бойынша қосымша ақпарат жариялады. Оған сәйкес, шенеунік 500 миллионнан астам теңгені ысырап еткен.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.