{metadescription}
Тұмауға қарсы тегін вакцинаны кімдер үйінен ала алады

Тұмауға қарсы тегін вакцинаны кімдер үйінен ала алады

Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдар тұмауға қарсы вакцинаны үйде алады.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында №24 қалалық емхананың бас дәрігері Жәмилә Баттақова айтты. Дәрігердің айтуынша, бүгінгі күні емхана мамандары тұмауға қарсы екпені 1712 адамға салды. Оның 12-сі вакцинаны үйінен алды. Сонымен қатар, ол егде жастағы, мүмкіндігі шектеулі жандарға және емханаға бара алмайтын адамдарға мобильді бригадалар үйде қызмет көрсететінін атап өтті.

«Емханаға баруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, мобильді бригадалар емделушілерге барады. Мобильді бригадаларға - дәрігер мен медбике кіреді. Олар дайындық курсынан өткен мамандар. Сонымен қатар, барлық қажетті ережелерді сақтайды. Осылайша, вакцина процедурасын үйде жүргізуге болады. Дәрігер алдын ала міндетті түрде барлық пациентті қарсы көрсетілімі бар-жоқтығын тексереді. Әрі қарай вакцина процедурасын арнайы дайындалған медицина қызметкерлері жүргізеді», – деді Жәмилә Баттақова.

Айта кету керек, тегін вакцина келесі санаттағы азаматтарға қол жетімді:

- эпидемиялық көрсеткіштер бойынша адамдарға;

- жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар;

- екінші немесе үшінші триместрдегі жүкті әйелдерге;

- медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметтерін алушыларға;

- Мемлекеттік мекемелердің медицина қызметкерлері;

- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің балалары;

- медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балалар;

- алты айдан асқан жиі ауыратын балалар;

- тергеу изоляторларындағы адамдар.

Тегін вакцина тұрғылықты жері немесе тіркелген жері бойынша емханаларда жүргізіледі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде