Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Рудныйда ер адам анасын ұрып өлтірген
3 жастағы ер адам Рудныйда анасын өлтірді деп күдіктелуде.
19:14 29.09.2020
"Рудный қаласында 22 қыркүйекте сағат 03.38 шамасында И.Франко көшесінде өз пәтерінен зорлық белгілері бар қарт әйелдің мәйіті табылды", - деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Анықталғандай, 89 жастағы әйелдің денесінде жарақаттар бар.
"Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында полиция қызметкерлері 63 жастағы күдіктіні, жәбірленушінің ұлын анықтады. Ер адам өзіне айтылған ескертулерге байланысты әйелді ұрып-соққан", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, Рудный полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram