{metadescription}
Коммуналдық қызметке 17 миллиард қарыз

Коммуналдық қызметке 17 миллиард қарыз

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Министр премьер Асқар Маминнен коммуналдық қызмет бойынша берешектің өсіп бара жатқанына назар аударуды сұрады.

"Бүгінгі күні коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың берешегі 17 миллиард теңгені құрады. Осы жылдың өзінде дебиторлық борыш 3,4 миллиард теңгеге өсті. Өсім бес аймақта байқалады", - деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Өңірлер арасында ең көп қарыз Алматы қаласында – 4,5 миллиард теңге. Одан кейінгі орында – Шымкент, берешек – 2,5 миллиард теңге, үшінші орында 1,9 миллиард теңгемен Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Борышкер өңірлер тізіміне 1,5 миллиард теңге қарызбен Қызылорда облысы және 1,4 миллиард теңге берешегі бар Маңғыстау облысы кірді.

Министр борыштың өсуі монополистердің сапалы және уақытылы қызмет көрсетуіне әсер ететінін ескертті. Атамқұлов жалпы жылу беру маусымына дайындық бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын және тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде