{metadescription}
9 жасар қазақстандық бала Түркияда мерт болды

9 жасар қазақстандық бала Түркияда мерт болды

Түркияда қазақстандық 9 жасар баланы соғып кетті.

Бүлдіршін алған жарақатынан қаза болды. Қайғылы оқиға 28 қыркүйекте Аланьяда болды. Бала D-400 жолынан өтіп бара жатқанда оны көлік қағып кетті. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазақстандық бала соққыдан бірнеше метрге ұшып кеткен, деп жазады stan.kz. Осыдан кейін жүргізуші жол қоршауын соғып, жанармай құю бекетіне соғылған.

Бала ауыр халде Аланьядағы Алааддин Кейкубат университетінің ауруханасына жеткізілді. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, қазақстандықты құтқару мүмкін болмады. Аталған ақпаратты ҚР сыртқы істер министрлігі растады.

"Ия, бұл біздің азамат. Қаза болған баланың ата-анасы консулдыққа жүгінбеді. Біздің мәліметтеріміз бойынша, олар ұлын Түркия аумағында жерледі", - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.