Таразда үй өртеніп, 2 бала мерт болды
Тараз қаласында тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, екі бала қаза тапты.
14:54 01.10.2020
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«1қазанында сағат 09:57 минутта полицияға, Тараз қаласы Ақмола көшесінде өрт орын алғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірген. Оқиға орнын қарау барысында полицейлер 2017 және 2018 жылы туылған екі баланың мәйітін тапқан», - делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 292-бабы 3 б. бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған (екі және одан да көп адамның өліміне апарған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу). Қажетті сараптамалар тағайындалды. Жамбыл облыстық Полиция департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ, балаларын тұрмыста өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелеріне үйрету қажеттігіне шақырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!