Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шетелден келген қазақстандықтар карантинге жатқызылады
Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов шетелден оралған қазақстандықтар екі күнге стационарға жатқызылатынын айтты.
15:25 01.10.2020
"Қазіргі уақытта көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары әуекомпаниялардың, әуежайлардың және басқа да мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесіп, қазаннан бастап екінші санаттағы елдерден (21 ел) әуерейстермен Қазақстанға келетін барлық адамға қосымша талаптар енгізу мәселесін пысықтап жатыр", - дейді Байғабылов.
Шетелдіктерде мемлекеттік шекарадан өткізу үшін мерзімі үш тәуліктен аспаған COVID-19-дың бар-жоғын растайтын зертахананың анықтама қағазы болуы керек, әйтпесе олар ұшаққа мінгізілмейді.
"Қазақстан азаматтары шетелден келгенде қолында осындай анықтамасы болмаған жағдайда, COVID-19-ға тест тапсырып, оның нәтижесі шыққанша ауруханаға екі күндік карантинге орналастырылады. Өңірлерде осы мақсатта тиісті ауруханалар дайындалды. Жылдың басында бұл алгоритм бойынша халықаралық рейстер жұмыс істегенін, тек бұл жолғы айырмашылық жолаушылардың екі күндік карантинге орналастырылуында екенін атап өткен жөн. Осы жаңашылдықтың өз күшіне енгені туралы қосымша ақпарат беріледі", - деді Көліктегі бас санитарлық дәрігер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram