{metadescription}
Қазақстанда 182 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған

Қазақстанда 182 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған

Елімізде пандемия басталғалы бері 182 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

"Қазақстанда пандемия басталғалы бері 182 медицина қызметкерінен айырылдық. Өңірдегі комиссиялар бүгінде қайтыс болған дәрігерлердің туыстарынан 58 өтініш бойынша өтемақы беруді мақұлдады. Қазіргі таңда 36 отбасы өтемақы алды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр", - деді министр орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің туыстарына 10 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.