Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алимент төлемеген Екібастұз тұрғыны пәтерінен айырылды
Алимент төлеуден қашып жүрген ер адам төрт бөлмелі пәтерінен айырылды, деп хабарлады әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
20:47 01.10.2020
ҚР Әділет министрлігінің мәліметінше, 2016 жылдан бері немқұрайлық танытқан әке баласына жалпы сомасы 2,2 млн теңге мөлшерінде алимент қарыз болып қалған.
"Сот орындаушы борышкерді бірнеше рет шақырып, баласына алимент төлеу қажеттігін ескертті. Алайда ол сот шешімін елемей, туған баласына көмектесуге асықпады", - дейді мамандар.
Жақында Павлодар облысының жеке сот орындаушысы Екібастұз қалалық сотына жылжымайтын мүлікті өндіріп алу туралы ұсыным берген. Соның негізінде ер адамның атындағы төрт бөлмелі пәтер электронды аукцион арқылы 4,6 миллион теңгеге сатылды.
"Балаға заңмен белгіленген 2,2 миллион теңге берілді, қалған ақша борышкерге қайтарылды", - деп атап өтті сот орындаушылары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram