{metadescription}
Дональд Трамп коронавирус жұқтырды

Дональд Трамп коронавирус жұқтырды

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінде және әйелі Меланияда  коронавирус расталғанын мәлімдеді.

"Бүгін бірінші ханым екеуміз COVID-19 сынамасынан оң нәтиже алдық. Біз дереу карантинді және емделу процессін бастаймыз. Біз бәрін бірге еңсереміз!", - деп жазды Twitter-де Дональд Трамп.

Бұған дейін оның кеңесшісі Хоуп Хикстің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Осыдан кейін Трамп карантинге көшкен. Оның ең жақын кеңесшілерінің бірі Хоуп Хикс Трамппен 29 қыркүйекте пікірсайысқа және 30 қыркүйекте Миннесота митингіне барған кезде бірге жүрді. Трамптың өзі бейсенбі күні кешке Fox News телеарнасына телефон арқылы сұхбат беріп, ешқандай ауру белгілері жоқ екенін айтты.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде