{metadescription}
Kazpatent коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуге қатысты ақпарат таратты

Kazpatent коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуге қатысты ақпарат таратты

Kazpatent Ұлттық зияткерлік меншік институты коронавирустың алдын алуға арналған вакцинаны және коронавирус инфекция штаммын әзірлеу жөніндегі патенттік өтінімдерді қарап жатыр.

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты екі патенттік өтінім берді. Қазіргі таңда екі өтінім де Kazpatent-тің формалды сараптама кезеңінен өтті. Күні бүгінге дейін БҚПҒЗИ ғалымдары патент алу үшін екі өтінім берді: оның бірі – мамыр айында "COVID-19 алдын алу үшін әсерсіздендіретін вакцина алу тәсілі" болса, екіншісі тамыз айында қабылданған өтінім.

"Яғни, ол COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакциналардың ерекше профилактикалық құралдарын әзірлеу, лабораториялық диагностикалау және биологиялық қорғанысының тиімділігін бағалау үшін қолданылатын COVID-19 коронавирус инфекциясы вирусының "SARS-CoV-2/KZ_Almaty/04.2020" штаммы", – дейді институт директоры Ермек Қуантыров.

Қазір өтінімдер мәні бойынша сараптама кезеңінен өтіп жатыр. Сараптаманың нәтижесі оң болған жағдайда өнертабыс патенттеледі, деді ол. Айта кетейік, патент өнертабыстың "жаңалық", "өнертабыстық деңгейге жеткендігі", "өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы" шарттарына сәйкес келуін тексеретін сараптаманың нәтижелері бойынша беріледі.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.