Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Петропавлда автокөлік бағдаршамға соғылып, өртеніп кетті
Петропавлда көлікті мас күйде басқарған жүргізуші бағдаршамға соғылып, машинасы отқа оранды.
15:46 02.10.2020
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 1 қазан, кешкі сағат 22.20 минут шамасында болған. Мүсірепов және Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысында «Аudi С4» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі бүйірлік интервалды сақтамай, қарсы бетте келе жатқан «Daewoo» көлігімен соқтығысқан. Одан «Аudi С4» қозғалысын жалғастырып, бағдаршамға барып соғылады. Көліктің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетеді. Ал соққы салдарынан машинаның қозғалтқышынан өрт шығып, оны оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер сөндіріп алды. Көлік айып тұрағына қойылды.
Тәртіп сақшылары қашып кеткен жүргізушіні жақын маңдағы аулалардың бірінен ұстады. Медициналық сараптама оның мас екенін көрсетті. «Аudi С4» жүргізушісі жол-көлік оқиғасында түрлі дене жарақатын алды. Полицейлер оны сол маңдағы емдеу мекемесіне жеткізді, қазір амбулаторлық ем алып жатыр. «Daewoo» көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша материал жиналып, процессуалды шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне жіберілді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram