Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
БҚО-да 4 оқушы коронавирус жұқтырды
Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 4 оқушы тіркелді.
17:57 02.10.2020
БҚО Білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 4 жағдайдың барлығы Орал қаласында анықталып отыр. Соның ішінде екеуі бір отбасынан, олар Орал қаласындағы №9 орта мектептің кезекші бірінші және үшінші сыныптарында оқиды. Қалған екеуі – қашықтан оқып жатқан дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы облыстық мектеп-интернаты кешені мен №9 орта мектептің 6-сынып оқушылары.
«Барлық төрт бала коронавирусты ата-аналары мен туыстарынан жұқтырған. Қазіргі уақытта оқушыларда клиникалық белгілер жоқ, амбулаторлық ем алуда», - деп хабарлады білім басқармасынан.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram