Гүлдеген сиреннің фотосы алматылықтарды таңғалдырды
Алматы қаласында сирен гүлдеп тұрғындар таңғажайып табиғи құбылыстың куәсі болды.
18:36 02.10.2020
Алматылықтар ғажайып табиғат құбылысының куәсі болды: қазанның басында мамыргүл гүлдеді. Қала тұрғыны Кекілбайұлы көшесіндегі Mega Towers тұрғын үй кешенінің жанында мамыргүл бұтасын суретке түсірген. Таңғажайып мұндай суретті dina_leinek есімді қолданушы Instagram парақшасында жариялады.
"Біздің үйге қарама-қарсы жерде мамыргүл гүлдеді. Кеше қыздарыммен және итпен кешкі серуенге шыққанда байқадым. Мұндай құбылысты күзде бірінші рет көріп отырмын, сондықтан назар аударып, таң қалдым. Міне, тосынсый. Табиғат соншалықты тазарған. Бұл қалыпты жағдай ма, әлде бұрын байқамағанмын ба?", - дейді Дина.
Мұндай жарияланым желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Олардың кейбірі фотоның шындыққа сай келмейтінін айтып, қазан айының алғашқы күнінде Алматыда ауа райы суық болғанын жазса, енді біреулер керісінше, бұл фактіні растай түскен. Тағы бір қала тұрғыны жұмыс орнының жанында бірден үш ағаш екінші апта гүлдеп тұрғанын жазды.
Айта кетейік, Алматының ауа райына жақын климаттық аймақтарда сиреннің күзгі гүлдеуіне қатысты оншақты жағдай желіде бұған дейін де жазылды. Ботаниктер бұл құбылысқа таңырқайтын түгі жоқ дейді. Сиреннің күзгі уақытта екінші рет гүлдеуі қоңыр күзде жиі байқалатын көрінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!