Дональд Трамп коронавирусқа байланысты ауруханаға жатқызылды
Коронавирус жұқтырған АҚШ президенті Дональд Трамп тікұшақпен әскери госпитальға жеткізілді.
10:27 03.10.2020
3 қазанға қараған түні ақ үйде хабарлағандай, бұл дәрігерлердің ұсынысы бойынша алдын алу мақсатында жасалды және Трамп аурухананың президенттік кеңселерінен жұмысын жалғастырады. СNN агенттігінің хабарлауынша, АҚШ президенті Ақ үйден Мэриленд штатындағы Уолтера Рида әскери-медициналық ұлттық орталығына тікұшақпен жеткізілген. Еске салсақ, АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның зайыбы Мелания коронавирус жұқтырды.
«Бүгін кешке АҚШ-тың бірінші ханымы және мен коронавирусқа тест тапсырдық. Ол оң нәтиже көрсетті. Біз дереу карантинге шығып, ем қабылдауды бастап кеттік. Біз бұны бірге еңсереміз!» - деп жазды президент Twitter -де.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!