Көкшетауда рұқсат етілмеген жерден өтпек болған әйел мерт болды
Көкшетауда жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған әйел көлік астына түсіп, мерт болды.
14:28 03.10.2020
Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2 қазан таңғы сағат 06:35 шамасында болған. «Mercedes Benz» көлігінің 45 жастағы жүргізушісі Әуезов көшесінің Тәшенов көшесімен қилысынан 25 метр жерінен, яғни рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған әйелді қағып кетті. 49 жастағы әйел алған дене жарақатынан сол жерде оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізуші сау болды.
«Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3 бөлігі бойынша тергеу амалдарды жүргізілуде», - деді ведомстводан.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!