Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шетелден келген қазақтандықтар стационарға жатқызылады
Шетелден ұшып келген қазақстандықтар егер ПТР тест болмаған жағдайда 2 тәулікке стационарға жатқызылады.
18:36 03.10.2020
Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің ҚР мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулысында айтылған. Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы ұсынады.
Ал егер келген ҚР азаматтарында анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау үшін карантиндік стационарға 2 тәулікке оқшаулауға жатады. Еске салсақ, 6 қазаннан бастап жолаушылар тасымалындағы тәртіптер өзгеріп, карантиндік талаптар күшейтілетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram