Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында жер сілкінісі болды
Жерасты дүмпулері облыстың Панфилов ауданының аумағында, Алматы қаласынан 286 шақырым қашықта тіркелді.
08:14 04.10.2020
Сейсмикалық стансалар желісі сенбі күні жергілікті уақытпен сағат 17.50-де Алматы облысында жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы облысы Панфилов ауданының аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 286 шақырымда орналасты", - деп мәлімдеді Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінен.
Энергетикалық класы – 8.6. Магнитудасы MPV 3.7. Жер сілкінісінің ошағы – 15 шақырым тереңдікте. Жерасты дүмпулері (МSК-64 шкаласы бойынша) сезілген жоқ. Алматы облысы ТЖД жер сілкінісі туралы ақпарат алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарға, полиция департаментіне, Қазселқорғауға, прокуратура және басқа да ұйымдарға хабар берді. Қирандылар мен құрбандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram