{metadescription}
Ақтауда жедел жәрдем көлігі аударылды

Ақтауда жедел жәрдем көлігі аударылды

3 қазанда Ақтаудағы қан орталығына қарама-қарсы жерде жол апаты болып, нәтижесінде жедел жәрдем көлігі аударылған.

Ақтау полиция басқармасының "Сұңқар-8" патрульдік полиция батальонының экипажы оқиға орнына жеткен. Оқиға орнында Audi мен жедел жәрдем көлігі соқтығысқандығы белгілі болған.

"Аталған факті бойынша анықтаушылар жұмыс істеуде", - деп атап өтті өңірдің бас полицейі, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.

Апат салдарынан төрт адам зардап шекті. Олардың екеуі үйлеріне жіберілді, ал қалғандары Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде