Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оралда қараусыз қалған үш бала көлікпен бірге суға батып кетті
Оралда көлікте қараусыз қалған үш бала суға батып кетті.
11:03 04.10.2020
Бұл туралы БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлімдеді. Ресми деректерге сүйенсек, оқиға кеше Шаған өзенінде боған. Сағат 16.55-те белгісіз әйел 102 телефонына қоңырау шалып, ішінде үш бала болған автокөліктің өзенге батып кеткенін хабарлаған.
"Оқиға орнына сол маңда жүрген 3 қызметкерден тұратын полиция тобы дереу жетіп, балаларды құтқармақ болып суға секірген. Өкінішке қарай, 9, 7 және 6 жастағы балаларды құтқару мүмкін болмады. Екеуі бір үйдің балалары. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Қазіргі таңда қоиға бойынша ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігіне (кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Балалар ересектермен бірге табиғат аясында демалуға келген", - делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Таразда өрт болып, қараусыз қалған екі баланың көз жұмғаны жайлы айтылған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram