Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бүгін Қазақстанда – Мұғалімдер күні
Қазан айының алғашқы жексенбісінде Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі атап өтіледі.
10:03 04.10.2020
Бұл атаулы күн 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Бұйрығымен белгіленген. Бүгінгі таңда Қазақстан, Беларусь, Латвия және Украина Мұғалімдер күнін қазанның алғашқы жексенбісінде атап өтеді. Ал көршілес Өзбекстан – 1 қазанда, Қырғызстан, Әзербайжан, Ресей, Тәжікстан, Армения, Молдавия, Эстония және Литва – ұстаздар мерекесін 5 қазан күніне бекіткен.
Айта кетейік, биыл қаңтардан бастап ұстаздардың жалақысы 25 процентке өсті. Бірінші қыркүйектен дәптер тексергені үшін, сынып жетекшілігі үшін үстемеақы екі есеге ұлғайды. Жалпы 1-2 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақысы екі есе артатын болады. Сонымен қатар, жаңа оқу жылынан бастап болашақ педагогтердің стипендиясы 42 мың теңгеге дейін көтерілді. Бұл барлық мамандықтың ішіндегі ең жоғарғы стипендия.
Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл бірден 70-ке дейін көтерілсе де, "Педагог мәртебесі туралы" заңнан кейін, осы мамандыққа деген қызығушылық артқан. Мәселен, осы жылы "Алтын белгі" иегерлерінің арасында педагогикалық мамандықты таңдағандардың саны 1,7 есе өсті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram