Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Павлодарда жантүршігерлік жол апаты бес адамның өмірін қиды
Павлодар облысының тас жолында жеңіл көлік пен трактор соқтығысты, салдарынан жүргізуші мен төрт жолаушы мерт болды.
14:42 04.10.2020
Павлодар облысында жеңіл автокөлік трактор тіркемесімен соқтығысып, бес адам қаза тапты. Трагедия 3 қазан сағат 21.10-да Ақтоғай ауданы Ақтоғай-Шолақсор автожолының 63-ші шақырымында болды. ВАЗ-21041 автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі МТЗ тракторының тіркемесімен соқтығысқан. Трактордың рөлінде 47 жастағы жүргізуші отырған.
Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен салондағы төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеріс жүріп жатыр.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram