{metadescription}
Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

4 қазанда Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы карантинді жеңілдетуге қатысты жаңа қаулыға қол қойды.

Құжаттың толық мәтіні Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды. Қаулы 6 қазан сағат 00: 00-де күшіне енеді. Жаңа қаулыда алдыңғы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізген. Атап айтқанда, қалада театрларға толымдығы 50 пайыздан аспаған кезде жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бұл жағдайда мәдени нысан infokazakhstan.kz сайтында тіркелуі керек.

Сондай-ақ, қаулыға сәйкес автокөлік жуу орындарының, ТҚС, шиномонтаждау, тұрмыстық техниканы жөндеу, аяқ киім шеберханалары, химиялық тазалау, кір жуу орындарының жұмыс режимі ұзартылды. Енді олар 10:00-ден 00:00-ге дейін қызмет ете алады. Жеке тұрған ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілері (асханалар, кофеханалар, дәмханалар және басқалар) ұжымдық іс-шараларды өткізбей 05:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істей алады, сонымен қатар көрсетілген уақытта алып кетуге және жеткізуге рұқсат етіледі.

Қала әкімдігіне инфекциялық ауруханада дифференциалды диагностика мен емдеуге арналған анықтаманың бар-жоғына қарамастан, дене температурасы көтерілген адамдарды оқшаулауды қамтамасыз ету тапсырылды. Зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтиже алған адамдар COVID-19 жұқтырғандарға арналған стационарға ауыстырылады.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде