{metadescription}
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қаза болғандар саны артты

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қаза болғандар саны артты

Қазір коронавирустан үш мыңнан аса науқас емделіп жатыр.

Олардың арасында 89 пациенттің жағдайы ауыр. Бір тәулікте COVID-19 инфекциясы мен пневмониядан бес  адам көз жұмды, деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі. Өткен тәулікте 3 адам коронавирустан, ал 2 адам ковидтік пневмониядан қайтыс болды.

Бір тәулікте 59 адамда COVID-19 диагнозы расталды, 37 қазақстандық пневмонияға шалдықты. Жалпы 13 наурыздан бері республикада 108 236 адам коронавирус жұқтырды, 1746 пациент көз жұмды.

Ал 1 тамыздан бері 33 608 адам пневмониямен ауырса, 360 науқас қайтыс болды. Министрліктің ақпаратынша, қазір коронавирустық инфекциядан 3 213 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 73 бала бар. Стационарларда 1 806 науқас жатыр. 1 407 адам амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда. Дәрігерлердің айтуынша, 89 науқастың жағдайы ауыр. Соның ішінде 12 адамның хәлі мүшкіл деп бағалануда. 19 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде