Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Коронавирустың таралуының жұртқа беймәлім жолы аталды
Ресейлік дәрігер-терапевт Лариса Алексеева пәтерге коронавирустың енуінің жұртқа беймәлім жолын атады.
12:05 05.10.2020
Сарапшы "Вечерний Москваға"берген сұхбатында өз тұжырымдарымен бөлісті. Оның айтуынша, көптеген адамдар дүкендерде және қоғамдық көліктерде маска тағу арқылы инфекцияның таралуын болдырмауға болады деп санайды. Ол бұл қате пікір екенін алға тартты. Лариса Алексееваның сөзіне қарағанда, вирус ауырған көршілерден сорғыш арқылы пәтерге кіруі мүмкін.
"Сүзгілерді жиі ауыстыру керек. Жылына бір рет ауыстыру керек дейді, бірақ пандемия кезінде оны жиі жасау керек", - деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, дәрігер коронавирусты аяқ киім немесе киім арқылы да әкелуге болатынын еске салды.
"Мұнда аэрозоль форматындағы антисептиктерді қолдану тамаша нұсқа бола алады", - деді Лариса Алексеева.
Сондай-ақ, маман аяқ киімді сабынды суда жууға кеңес берді, өйткені сабын да вирустан қорғай алады, деп жазады stan.kz.
"Айтпақшы, үйге әкелген әрбір нәрсені өңдеуіңіз керек. Мысалы, азық-түлік. Мен әр қаптаманы жылы суға жуамын", — деп қорытындылады Алексеева.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram