{metadescription}
Қазгидромет алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады
«Қазгидромет» РМК-сы 06-08 қазан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.
13:06 05.10.2020
Қазақстанның көптеген өңіріндегі ауа райына солтүстік-батыстан келе жатқан суық антициклон ықпал етіп күн суытады. Тек республиканың солтүстік және шығыс өңірлері ғана солтүстік циклон жырасының ықпалында болады. Мұнда жаңбыр жауып арты қарға ұласады.
Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Дереккөз: Қазгидромет
Еске сала кетейік, бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!