Балаларын соққыға жыққан әке өзін кінәлі санамайды
Түркістанда өз балаларын соққыға жыққан ер адам ұсталды.
13:52 05.10.2020
«Әке-шешем солай мені тәрбиелеген. Мен ұлдарымды ұрып, таяқпен тәрбиелеймін. Қалай тәрбиелеймін, өзім білемін. Ешкімнің шатағы болмасын», - депті бала-шағасын жұдырықтаған әке.
"Таңертең үш баланың анасы Махаббатпен сөйлестім. Кеше түнгі 12-ге дейін тергеушілер балалар мен әйелден жауап жазып алыпты. Келіншек айғақ ретінде телефонын да полиция бөлімшесінде қалдырыпты. Ал өзінің ұлдарын аяусыз ұрғанын дұрыс деп есептейтін әке балалары мен жұбайынан кеше кешірім де сұрамағанын естіп, жағамды ұстадым", - дейді Жазира Бегалы әлеуметтік желіде.
Еске сала кетейік, Түркістан облысында өз балаларын соққыға жыққан ер адам ұсталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!