Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бекшин Алматы карантинге жабылады деген қауесетке жауап берді
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қазанда Алматының карантинге жабылатыны туралы қауесетке жауап берді.
14:40 05.10.2020
"Мұның барлығы фейктердің таралуы. Бұл процеске қатысқым келмейді. Қаланы жабу болжанбайды. Бізде өсім немесе жаңа штамм туралы хабарлайтын эпидемиологиялық бақылау қызметі бар. Біз жеткілікті түрде қадағалап жатырмыз", - деді Жандарбек Бекшин.
Бас санитар дәрігері Алматыда коронавирусқа қатысты жағдайдың тұрақты екенін айтты. Қазір қала бойынша науқастарға арналған төсек-орынның бес процентінде ғана адамдар емделіп жатыр.
"Бүгінде резервте 7300 төсек-орын дайын тұр, олар қажет болған жағдайда, науқастар саны көбейген кезде ашылады. Қазір карантиндік шараларды күшейтуге себеп жоқ", - деді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram