Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматылық 24 жастағы қыз қоршауға соғылып, қаза тапты
Алматы облысының полиция департаменті көлікті темір тесіп өткен жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейіне қатысты мәлімет жариялады.
15:13 05.10.2020
Ведомство мәліметінше, жол апаты 4 қазанда сағат 16.00 шамасында болған. Қызылтоған ауылы маңындағы Алматы-Өскемен автожолының 209-шақырымында KIA Rio жүргізушісі қоршауға соғылған.
"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген. Арнайы топ 24 жастағы қыздың тасжолмен солтүстік бағытта келе жатып, көлік тізгінін басқара алмай қалғанын анықтаған. Салдарынан жүргізуші темір қоршауға барып соғылған. Қыз оқиға орнында қаза тапты", - деді полициядағылар.
Қазіргі уақытта бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, апаттың барлық себептерін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды. Алматы облысының полиция басқармасы жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол ережелерін қатаң сақтауды, жолдарда барынша сақ болуды сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram