{metadescription}
БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты.

БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 5 қазан күні сағат 00.10-да Орал-Саратов тас жолында Бәйтерек ауданы Переметный ауылы тұсында болды. Honda Odyssey мен Volvo 440 автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан Volvo 440 автокөлігінде қыстырылып қалған екі адамның денесі шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Оқиға орнында жедел құтқару жасағының 5 қызметкері (1 техника) жұмыс жасады. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің нақтылауынша, жол апаты салдарынан Volvo автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі мен сонда отырған 47 жастағы жолаушысы көз жұмды.

Honda Odyssey автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен Переметный ауылындағы аудандық аруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде