{metadescription}
Министр өз балаларын соққыға жыққан ер адамға қатысты пікір білдірді

Министр өз балаларын соққыға жыққан ер адамға қатысты пікір білдірді

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысында болған өз балаларын ұрып-соғу оқиғасына қатысты пікір білдірді.

«Кез келген құқық бұзған адам заң алдында жауап беруі тиіс. Бұндай әлімжеттік көрсету фактілері аяқсыз қалмайды. Заң бәріне ортақ. Тұрмыстық жанжал саласына қатысты құқық бұзушылық және қылмыс біржақты болмайды, оның екінші жағы болатындығына назар аударғым келеді. Түркістан облысындағы жағдайға келсек, балалардың анасы бұған дейін де күйеуінің үстінен бірнеше рет шағым түсірген, бірақ арыз жазбаған. Ол оның заңды әйелі, күйеуінен ажырасуға өтініш бермеген. Бұл жерде полицейлердің жұмысын айқындайтын өзіндік заңнамалық тұстар бар. Яғни, біз шағымсыз ол әйелдің жолдасын 3 сағаттан артық қамауда ұстай алмаймыз. Сондай-ақ, себепсіз әкімшілік жауапкершілікке де тарта алмаймыз», - деді Е. Тұрғымбаев тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Еске салсақ, Түркістан облысында балаларын аяусыз ұрып соғып жатқан ер азаматтың әрекетті жұртты шошытты. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеу тізіліміне ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігі «Азаптау» бойынша тіркелді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде