{metadescription}
Көкшетауда 2 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

Көкшетауда 2 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

Көкшетауда 1 жас 8 айлық бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті.

Ведомствоның мәліметінше, қазанның 4-де Көкшетау қалалық полициясының кезекші бөліміне жедел жәрдем көлігінің фельдшері хабарласқан. Ол Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасына бесінші қабаттан құлап, «жабық бассүйек жарақаты, миы шайқалу, ішінен соққы алу» диагнозымен 1 жас 11 айлық ұл баланың жеткізілгенін айтқан.

«Тексеру кезінде сәбидің сол күні сағат 14:15 кезінде бесінші қабаттағы терезеден құлағаны анықталды. Сәбидің анасы ол уақытта ас бөлмеде түскі ас дайындап жатқан. Анасына баланың құлағанын сыртта жылап жатқан баланы көрген көршісі хабарлап айтқан», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы жағдай бойынша Қылмыстық кодекстің 141-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде