{metadescription}
Жүк көлігі базарға соғылып, алты адам мерт болды

Жүк көлігі базарға соғылып, алты адам мерт болды

Дүйсенбі күні Қытайдың Ганьсу провинциясында жүк көлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын базарға соқтығысты.

Салдарынан алты адам мерт болып, тағы 14-і жарақат алды. Оқиға Динси қалалық округінің Чабучжэнь елді мекені аумағында болған. Жүргізуші белгісіз себептермен жүк көлігін басқара алмай қалған.

Бес адам оқиға орнында қаза тапты. Алтыншысы ауруханада көз жұмды. Зардап шеккен 14 адамның бесеуінің жағдайы ауыр деп бағаланған. Жергілікті билік оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде