Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанай облысында санитарлық бекет қойылды
Бүгін Қостанай облысының Жітіқара ауданындағы «Желқуар» шекаралық комендатурасында санитарлық бекет қойылды.
13:06 06.10.2020
Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шекарадан өткендердің дене температурасы өлшеніп, сауалнама алынады. Сондай-ақ, бүгін Жітіқарада 40 орындық карантиндік стационар қайта ашылды. Короновирус індетіне қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штаб эпидемиялық ахуалды сараптай келе осындай шешім шығарған.
Еске салайық, кеше облыс әкімі Архимед Мұхамбетов эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын күшейту, оның ішінде санитарлық және блокпостарды қайтадан қою мәселесі қарастырылатынын айтқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram