Қырғызстан президенті Жээнбеков мәлімдеме жасады
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін, 6 қазанда елдегі саяси жағдайға қатысты бейнеүндеу жасады.
13:13 06.10.2020
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі оның видеосын президенттің YouTube каналына орналастырды. Президенттің айтуынша, кеше кешке кейбір саяси күштер билікті басып алуға тырысты.
"Олар сайлау сылтауымен қоғамдық тәртіпке қайшы әрекет етіп, қаланың тыныштығын бұзды. Сондай-ақ, полицияға бағынбай, дәрігерлерді ұрып-соғып, ғимараттарды қиратты. Мен құқық қорғау органдарына ешқандай қан төгіліп, ешқандай бейбіт тұрғынға қауіп төнбеуі үшін оқ атпауға бұйрық бердім. Біз жағдайдың шиеленісуіне жол бермеу үшін барлық мүмкін шараларды қабылдадық. Елдің тыныштығы, қоғамның тұрақтылығы кез-келген депутаттық мандаттан жоғары", – деді Жээнбеков.
Сонымен қатар ол Орталық сайлау комиссиясын заңбұзушылықтарды тергеуге және қажет болған жағдайда сайлау нәтижелерінің күшін жоюға шақырды.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!