{metadescription}
Бішкекте қақтығыста жараланған бір адам қаза тапты

Бішкекте қақтығыста жараланған бір адам қаза тапты

Бішкектегі халық толқуларының нәтижесінде бір адам қаза болды.

Бұл туралы Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ер адамды Ұлттық ауруханаға алып келген, бірақ ол алған жарақаттарынан көз жұмды. Марқұм жайлы басқа мәлімет айтылмады.

Денсаулық сақтау ұйымдарына Ала-Тоо алаңынан зардап шеккен 600-ге жуық адам жүгінді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккен 439 адам амбулаториялық емделуге жіберілген. Тағы 150 түрлі жарақатпен ауруханаға жатыр, 13 адам реанимацияда.

Еске сала кетейік, Ала-Тоо алаңында 5 қазанда оппозициялық күштердің наразылық акциясы өтті. Түнде наразылық білдірушілер Ақ үйді басып алды. Наразылар талабынан соң таңға қарай бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев, экс-премьер Сапар Исаков, бұрынғы депутат Садыр Жапаров, бұрынғы депутат Равшан Жээнбеков қамаудан босатылды

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде