Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оралда «КамАЗ» бен жеңіл көлік соқтығысып, әйел қаза тапты
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, 72 жастағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін мерт болды.
16:18 06.10.2020
Жабық бас-ми жарақатын алған 78 жастағы ер адамның миы шайқалған, оң жағындағы 6-7 қабырғасы сынған. Ол облыстық көпбейінді аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін сағат 10.40-та Орал-Саратов күре жолы мен Пятимар көшесінің қиылысында болды.
«КамАЗ» бен «ВАЗ-2108» автокөлігі түйісті. Соның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Сол көлікте отырған жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Биылғы тоғыз айда өңірде 213 жол-көлік оқиғасы (2019 жылы осы мерзімде – 226, 5,8 пайызға кем) болып, соның салдарынан 50 адам (78, 35,9 пайызға аз) қаза тауып, 251-і (294, 14,6 пайызға кем) түрлі жарақат алды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram