{metadescription}
Қостанай облысында салмағы 6 келі сәби дүниеге келді

Қостанай облысында салмағы 6 келі сәби дүниеге келді

Қостанай облысында салмағы 6,1 келі, бойы 57 сантиметр болатын нәресте дүниеге келді.

Нәресте Рудныйдағы қалалық көп салалы ауруханада 1 қазанда дүниеге келді. Нәрестеге Елжан деген есім берді. Рудный қалалық көп салалы ауруханасының акушерлік-гинекологиялық бөлімінің меңгерушісі Людмила Тулебаева айтқандай, өзінің көп жылдық тәжірибесінде мұндай көп салмақтағы баланы бірінші рет көрген.

«Салмағы 5800 грамм, 5900 грамм болған балалар өмірге келді, бірақ одан көп салмақтағы баланы көрген жоқпын. Бұл отбасындағы төртінші бала. Алғашында баланың алып екені анықталды. Сондықтан кесарево отасы жасалды», - дейді Людмила Тулебаева.

Анасының айтуынша, босану асқынусыз өтті.

«Мен ірі бала дүниеге келеді деп күттім, бірақ соншалық үлкен болады деп ойламадым. Басында ұлымның салмағын айтқан кезде сенбедім. Алғашқы балалардың салмағы бес келіге жетпейді, бірінші бала - 3800 грамм, екіншісі - 3890 және үшіншісі - 4670 грамм. Кесарь тілігін жасадық, бәрі жақсы өтті, бүгін бізді үйге шығарады деп үміттенемін», - деді 35 жастағы Динара Ержанова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде