{metadescription}
Көкшетаулық велошабандоз ел чемпионатында екі алтын жеңіп алды

Көкшетаулық велошабандоз ел чемпионатында екі алтын жеңіп алды

Көкшетаулық велошабандоз Андрей Чугай ел чемпионатында екі алтын және бір күміс медаль иеленді.

«Нұр-Сұлтан қаласында тректегі велоспорттан Қазақстанның ұлттық чемпионаты өтті. 1 шақырымға және спринттегі жарыста №7 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиленушісі Андрей Чугай қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Командалық спринтте ол күміс жүлдегер атанды», - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Ведомстводан атап өткендей, велоспорттан Ақмола облысының бас жаттықтырушысы Иван Гринберг ақмолалық спортшылардың велоспорттағы жеңісі үлкен табыс деп отыр. Андрей осыдан екі жыл бұрын Швейцарияда өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.