{metadescription}
Атамбаев үйқамаққа алынды

Атамбаев үйқамаққа алынды

Бішкектегі Первомай соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа үй қамауын тағайындады.

Қырғызстанның экс-президентінің адвокаты Facebook-тегі парақшасында Бішкектің Первомай аудандық сотының Атамбаевқа қатысты шығарған, қолы қойылып, мөрі басылған қаулысын жариялады. Онда Алмазбек Атамбаевтың бірнеше бап бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпталғаны, бірақ бұрын сотталмағандықтан тергеу абақтысында емес, үйқамағына алынуы мүмкін екені, Қырғызстаннан қашып кетуге ниетінің жоқтығы және тұрғылықты жері бар екені жазылған.

Бұл ретте сот Атамбаев пен қаулыда көрсетілген бірқатар шенеуніктің жай айыпталушы ғана емес, ұзақ мерзімге сотталған сотталушы екенін ескергісі келмей отыр. 2020 жылдың маусым айында Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босату ісі бойынша 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылған еді.

Егер Бішкек сотының жаңа шешімі заңды болып, өз күшіне енсе, онда Атамбаев 2020 жылдың 11 қарашасына дейін үйқамақта отыруға міндетті.  Соттың басқа шешімдері шыққанға дейін ол сөз сөйлеп, мәлімдеме жасай алмайды, митингтерге қатысып, сұқбат бере алмайды.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде