{metadescription}
Президент құстардың жаппай қырылуының себебін түсіндірді

Президент құстардың жаппай қырылуының себебін түсіндірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құс тұмауының өршуіне байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысын сынға алды.

Айтуынша, жоғары патогенді құс тұмауының тарауы азық-түлік қауіпсіздігінің осалдығын анықтады. Жеке аулалар мен құс фабрикаларында жарты миллионға жуық бас құс қырылған. 

"Бұл жерде менің талабым, ең алдымен ауыл шаруашылығы министрлігіне бағытталады. Ветеринарлық шаралармен қоса, ауыл тұрғындарын қолдау, аулалар мен құс фабрикаларында құс басын қалпына келтіру бойынша экономикалық құралдарды пысықтау қажет", - деді Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте.

Ол ветеринарлық қызмет дамуының төмен деңгейі құс тұмауының алдын алу үшін дер кезінде шаралар қабылдауға мүмкіндік бермегенін атап өтті. Президенттің мәліметінше, республикада жеке аулаларда 24 мыңнан астам бас және екі негізгі құс фабрикасында 500 мыңнан аса бас құс өлді. 

"Сол себепті жағдай өте күрделі. Бұған жіті көңіл бөлген жөн", - деді мемлекет басшысы. 

Ол ветеринарлық қызмет елдің биологиялық қауіпсіздігі жүйесінің бір бөлшегі екенін айтты. Осыған байланысты Тоқаев үкіметке ветеринарлық қызметті нығайту бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде