Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Коронавирустан қайтыс болған дәрігердің отбасына тексеру жүргізілместен төлемақы беріледі
Бұл туралы коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
15:14 07.10.2020
«Індеттің екінші толқыны жағдайында негізгі соққыны тағы да медиктер өздеріне алады. Дәрі-дәрмек пен аппараттар емес, дәл солар біздің негізгі ресурстарымыз саналады. Медицина қызметкерлерін қолдау қажеттігі ешкімге күдік тудырмайды. Менің тапсырмаммен екінші жартыжылдықта төлемақыға 150 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Дегенмен, төлемақы мен сақтандыру төлемін алуда әлі күнге дейін бюрократиялық кедергілер жасалып, тіпті бұл мәселемен Парламент те айналысты. Жергілікті жерлерде төлемақы бойынша «цифрлармен ойын» жалғасып, оларды бөлудің әлі күнге дейін ашықтығы жоқ. Бұл жол беруге болмайтын ахуал. Бұған қоса, бас дәрігерлер жұмыс уақытын дәрігердің пайдасына емес түзетуге тырысады. Медицина қызметкерлері өздеріне тиесілі ақшаны өтініп сұрап алуға тиіс емес», - деді Мемлекет басшысы.
Президент 2020 жылғы 30 қыркүйектегі пандемия кезеңінде коронавирустың салдарынан 182 медициналық қызметкер қайтыс болғанын айтты.
«Қазір бұл істер әр түрлі комиссияларда қаралуда, тек 37 отбасына жәрдемақы төленді. Бұл мүлдем жол берілмейтін жағдай. Өлімнің себебін анықтау көптеген қиындық тудырады. Осыған орай Үкіметке бұл мәселеде мұндай тексерулер жүргізбестен қаза тапқан медицина қызметкерінің отбасына тиесілі барлық төлемақыны төлеуді тапсырамын», - дейді Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы медицина қызметкерлері қызмет барысында ауру жұқтырып алғаны дәлелденген жағдайда қысқа мерзімнің ішінде төлемақы мүлтіксіз төленуі тиістігін баса айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram