{metadescription}
Тоқаев шекарадағы бақылауды күшейтуді тапсырды

Тоқаев шекарадағы бақылауды күшейтуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемияға байланысты ахуалды және коронавирустың екінші кезеңіне дайындық бойынша жиын өткізді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шекаралас мемлекеттерде эпидемиологиялық жағдай ушығуына байланысты мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда. 

"Шекаралас мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы аясында мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде бақылауды күшейту қажет. Әуежайларда және теміржол вокзалдарында эпидемиялық бақылаудың қатаң режимін қалпына келтіру, "қызыл аймақтан" келетін адамдарды жедел тестілеуді жолға қою қажет", - деді Тоқаев.

Айтуынша, 5 қазандағы жағдай бойынша Ресейде вирусты жаңа жұқтырған 12 608 адам тіркелді, өсім 1%. Өзбекстанда 374 адам, өсім – 0,5%; в Қырғызстанда – 244 науқас, өсім 0,5%. Президент әуежай мен теміржол вокзалдарында қатаң эпидемиялық бақылау режимін қайтарып, "қызыл аймақтан" келген жолаушыларды шұғыл тестілеу жұмысын жолға қою керек деп санайды. Мемлекет басшысы үкіметке шет елдермен, әсіресе, қолайсыз жағдай аймағында орналасқан мемлекеттермен жол қатынасын оңтайландыру нұсқаларын жіті зерттеуді тапсырды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде