Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі көлік ер адамды қағып өлтірген
Қазақстаның әртіс, сықақшы Тұрсынбек Қабатовтың атына тіркелген көлік Теміртау-Нұра-Нұр-Сұлтан тас жолында ер адамды соғып өлтірген.
16:54 07.10.2020
Марқұмның туыстары кінәлілердің әлі де жазаланбағанын айтып шағымданды. 2019 жылдың 13 қазанында кешкі сағат 21.00 шамасында Теміртау - Нұра - Нұр-Сұлтан тасжолында елордаға қарайғы бағытта - Ахмет Нұрин ауданы маңында 34 жастағы Ерлан Омарқұловты көлік қағып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Кейін кісі қаққан көлік танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатысы бар екені анықталды.
Kokshetau.asia.kz сайтының мәліметінше, қайғылы оқиғадан кейін марқұмның туыстары кісі қаққан қара Lexus көлігі Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі екенін білген. Жол-көлік оқиғасы кезінде Тұрсынбек Қабатовтың көлігін басқарған жүргізуші ретінде іс материалдары бойынша 25 жастағы жігіт өтіп жатыр, ол оқиғаға дейін жүргізуші куәлігінен айырылған, бұл, әрине, оған автокөліктің сақтандыру полисін жасауға кедергі болмаған, оған одан басқа Тұрсынбек Қабатов пен оның туған ағасы жазылған.
Марқұмның анасы Омарқұлова құқық қорғау органдары ұлының қазасының барлық мән-жайларын адал және ар-ұжданмен тексереді және қылмыскерлер, олардың атағына қарамастан, жазаланады деп үміттенеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram