Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
COVID-19 науқастарын емдейтін клиникада оттегі баллоны жарылды
7 қазан күні сағат 08:13-те Сырдария облысының Гүлстан қаласындағы «Алпомиш» спорт кешенінде оттегі баллоны жарылды.
17:21 07.10.2020
Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми парақшасы хабарлайды.
«Оқыс оқиға болған спорт кешені қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету үшін уақытша клиника ретінде жасақталған. Оттегі баллонының жарылуы салдарынан ғимараттың терезелері сынып, бір азамат жарақат алды», - деп жазды Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми парақшасында.
Айта кету керек, оқиға орнына ТЖМ облыстық басқармасының және басқа да тиісті қызметтердің қызметкерлері келіп, азаматтарды қауіпсіз аймаққа көшірді. Оқиғадан қайтыс болған азаматтар жоқ. Жағдай толығымен бақыланады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram