{metadescription}
Қазақстан мектептерінде 52 баладан коронавирус анықталған

Қазақстан мектептерінде 52 баладан коронавирус анықталған

Оқу жылының басынан бері Қазақстандағы мектептердің кезекші сыныптарында 52 баладан коронавирус анықталып, бір бала мектеп-интернатта ауырып қалған.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов айтты.

"Осы жылдың 2 сәуірінен 7 қазанына дейін елімізде коронавирус инфекциясы расталған 2 551 бала тіркелді. 5 қазандағы жағдай бойынша елімізде оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның 138 жағдайы тіркелді, оның ішінде 52-сі кезекші сыныптарда анықталып, 86-сы қашықтан оқып жатқан балалардан анықталған. Тағы бір жағдай мектеп-интернатта анықталды және бүгінде байланыста болғандардың барлығы анықталып, 14 күндік карантинде жатыр", - деді Кожахметов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бүгінгі таңда, оның айтуынша, COVID-19-мен бір айдан 18 жасқа дейінгі 74 бала ауырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.