Елде карантин нәтиже бермей, науқастар саны өсуде
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов COVID-19 белгілері бар пневмония мен коронавирус жұқтырғандар санының артқанын мәлімдеді.
19:09 07.10.2020
"Жағдайдың тұрақталғанына қарамастан, карантиндік шаралар күткен нәтиже берген жоқ, науқастардың саны қайтадан өсіп жатыр. Егер тұрғындар санитар дәрігердің талаптарын орындамаса, біз қатаң карантинге оралуға мәжбүр боламыз", - деді Қожахметов ОКҚ-да өткен брифингте.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемияға байланысты ахуал және коронавирустың екінші кезеңіне дайындық бойынша жиын өткізген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!