{metadescription}
Жамбыл облысында жол бойында адамның мәйіті табылды

Жамбыл облысында жол бойында адамның мәйіті табылды

3 қыркүйекте таңертең Алматы-Шымкент тас жолының бойында 29 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Марқұмның алған жарақаты, оқиға болған жерден табылған көлік бамперінің шыны және пластмасса сынықтары жол-көлік оқиғасы болғанын көрсетеді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында Жуалы ауданының полиция қызметкерлері және облыстық ПД ЖПҚБ «Газель» автокөлігін басқарған 30 жастағы түркістандықты қолға түсірді», - делінген ведомство хабарламасында.

Іздестіру іс-шаралары барысында Жуалы қаласының полиция қызметкерлері Түркістан қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Газель автокөлігін басқарған күдікті Шымкент қаласының көліктерге техникалық қызмет көрсету станциясына көлігін өткізген. Тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.